Ақтау маңындағы AZAL ұшағының апаты: Ресей мен Әзербайжан бірлескен мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау маңындағы AZAL ұшағының апаты: Ресей мен Әзербайжан бірлескен мәлімдеме жасады Фото: instagram.com/mangystau_audany

Ресей мен Әзербайжан 2024 жылғы желтоқсанда Ақтау маңында болған AZAL әуекомпаниясы ұшағының апатына қатысты мәселені реттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Ресей мен Әзербайжан 2024 жылғы желтоқсанда Ақтау маңында болған AZAL әуекомпаниясы ұшағының апатына қатысты мәселені реттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Екі елдің Сыртқы істер министрліктері бірлескен мәлімдеме таратты. Онда Ресей Федерациясы мен Әзербайжан Республикасы президенттерінің 2025 жылғы 9 қазанда Душанбеде қол жеткізген уағдаластықтарына сәйкес, тараптар Embraer 190 ұшағы апатының салдарын, соның ішінде өтемақы төлеу мәселесін тиісті түрде реттеуге келіскені айтылған.

Сондай-ақ мәлімдемеде AZAL әуекомпаниясы әуе кемесінің құлауына "Ресей Федерациясының әуе кеңістігіндегі әуе шабуылынан қорғау жүйесінің қасақана жасалмаған іс-қимылдары" себеп болғаны көрсетілген.

"Қабылданған шаралар одақтастық іс-қимыл аясында өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі құруға деген ортақ ұмтылысты растайды. Ресей-Әзербайжан байланыстарының өзара құрмет, сенім және тараптардың мүдделерін ескеру негізінде үдемелі дамуы тату көршілік қатынастарды нығайтуға және екі мемлекет халықтарының мүддесі үшін ынтымақтастықты кеңейтуге алдағы уақытта да ықпал ететініне сенім білдіреміз", - делінген делінген бірлескен мәлімдемеде.

Тараптар әуе кемесінің апаты салдарынан қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына және осы қасірет тиген барша жандарға тағы да терең көңіл айтты.

Мән-жай

2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау маңында Баку – Грозный бағытындағы жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Әуе апаты салдарынан 38 адам қаза тауып (оның ішінде 3 экипаж мүшесі), 29 адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 474.07   556.89   6.3 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер