22 шілде 2020 10:45

Әлемде 15 миллионнан аса адам COVID-19 жұқтырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 15 миллионнан асты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Worldometers сайтына сілтеме жасап.


Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 15 миллионнан асты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Worldometers сайтына сілтеме жасап.

22 шілдедегі сағат 09.36-дегі (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) мәліметке сәйкес, әлемде 15 094 610 адам COVID-19 жұқтырды. 619 520 науқас қайтыс болды. 

Worldometers сайтында ақпарат өзге порталдарға қарағанда тезірек жарияланады. Мысалы, Джон Хопкинс университетінің мәліметіне сәйкес, әлемде 14 898 145 адам коронавирус жұқтырған.

Қазақстанда 75 153 адам коронавирус жұқтырды, 49 790 науқас жазылды. 610 адам аурудан көз жұмды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети