08 шілде 2022 09:50

Әлемде COVID-19 жұқтыру 2 аптада 30 пайызға өсті - ДДСҰ

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: ©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус әлемде коронавирус инфекциясының өршуі байқалып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Iz.ru сайтына сілтеме жасап.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус әлемде коронавирус инфекциясының өршуі байқалып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Iz.ru сайтына сілтеме жасап.

YouTube-тағы брифингте Гебрейесус соңғы екі аптада вирус жұқтырғандар саны 30 пайызға өскенін айтты.

"Еуропа мен Америкада аурудың басым бөлігі BA.4 және BA.5 штамдарынан. Сонымен қатар, Үндістанда жаңа штамм анықталды, оған бақылау жүргізіліп жатыр", - деді ДДСҰ басшысы.

Гебрейесус елдерді екпе науқанын, соның ішінде күшейткіш дозаны, қарт, созылмалы аурулары бар және иммундық жүйесі әлсіреген, сондай-ақ денсаулық сақтау қызметкерлері сияқты тәуекел тобына кіретін адамдар үшін тоқтатпауға шақырды.

Айта кетсек, кейінгі күндері Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт артып, тәулігіне 330-ға дейін өскен. 6 шілдеде Алматы эпидемиологиялық жағдай бойынша "сары" аймаққа көшті. Нұр-Сұлтан "жасыл" аймақтың шегінде орналасқан.

Қазір Қазақстанда "омикрон 2-штамм", "стелс-омикрон", "дельта" - штаммның аз пайызы айналымда. Жақында жүргізілген зерттеу республика бойынша тексерілгендердің 78 пайызы "стелс-омикрон" штамын жұқтырғанын көрсетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети