Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Әлемдегі ең бай адам бір тәулікте 7 миллиард долларынан айырылды 25 қазан 2019, 09:05

Әлемдегі ең бай адамның бірі, Amazon компаниясының бас директоры Джефф Безос бір тәулікте 7 миллиард долларынан айырылды, - деп
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Джефф Безос © REUTERS Джефф Безос © REUTERS

Әлемдегі ең бай адамның бірі, Amazon компаниясының бас директоры Джефф Безос бір тәулікте 7 миллиард долларынан айырылды, - деп хабарлайды CNBC

24 қазанда Amazon үшінші тоқсан бойынша есеп берген. Есеп нәтижесі инвесторларға ұнамай, компанияның баға белгілеулері 6,6 пайызға төмендеген. Телеарнаның мәліметінше, Amazon компаниясының 57,6 миллион акциясы тиесілі Джефф Безос 6,9 миллиард долларынан айырылған. 

Сарапшылардың сөзінше, Amazon компаниясының акциялары төмендей беретін болса, Безос әлемдегі ең бай адам дәрежесінен айырылуы мүмкін. 25 қазандағы есеп бойынша Джефф Безостың жағдайы 111 миллиард доллар деп есептеліп отыр.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram