06 желтоқсан 2021 09:20

Әлемдегі ең көп алкоголь ішетін ел аталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация: pixabay Иллюстрация: pixabay

Есірткі мен алкоголь туралы жаһандық зерттеудің қорытындысы бойынша Аустралия әлемдегі ең көп ішетін ел болып танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.


Есірткі мен алкоголь туралы жаһандық зерттеудің қорытындысы бойынша Аустралия әлемдегі ең көп ішетін ел болып танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Зерттеуге сәйкес, 2021 жылы Аустралия тұрғындары бір жылда орта есеппен 27 рет ішіп масайған, бұл әлемдік орташа көрсеткіштен екі есеге жуық. Сауалнама австралиялықтардың аптасына орта есеппен екі рет ішетінін көрсетті.

Тұтынылатын алкоголь мөлшері бойынша рейтингте екінші орынды - Дания, үшінші орынды Финляндия алды. Ұлыбритания мен Америка Құрама Штаттарының тұрғындары да әлемдегі ең көп ішетін елдердің бестігіне енді.

Ирландиялықтар ішкен алкоголь мөлшеріне ең көп өкінетін елдер қатарына кірді. Сонымен қатар, сауалнамаға қатысушылар "тым көп және тым тез ішкеніне" өкініш білдірді.

Алкогольді тұтыну жиілігі бойынша Франция көш бастады, ел тұрғындары бір жылда ішімдік ішкен күндердің саны кем дегенде 132 күн екенін мойындады. Екінші орында 120 күнмен - Жаңа Зеландия, одан кейін Нидерланды - 112 күн.

Сауалнамаға жауап берушілердің көбі Covid-ке қатты алаңдағаннан ішкендерін жазған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети