11 қаңтар 2017 18:18

Әлемнің ең бай адамдарының бірі тамаққа ақша үнемдейтінін мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Stockworld © Stockworld

Әлемдегі ең бай адамдардың бірі, Berkshire Hathaway инвестициялық компаниясының басшысы Уоррен Баффет қаржы нарығы құлдыраған күні McDonald's мейрамханаларынан таңғы ас ішіп, ақша үнемдейді. Бұл туралы ол 30 қаңтарда HBO арнасынан көрсетілетін "Уоррен Баффет болу" ("Стать Уорреном Баффетом") деректі фильмінің трейлерінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Lenta.ru.

"Бекон, жұмыртқа мен ірімшігі бар МакМаффин 3,17 доллар тұрады. Алайда нарық құлдыраудан басталса, мен 2,95 доллар тұратын сэндвич аламын", - деді миллиардер.

2016 жылдың қарашасында CNBC арнасы АҚШ президенті сайлауында Дональд Трамп жеңіске жеткеннен кейін Баффеттің байлығы 11 миллиард долларға артқанын хабарлаған болатын. 

Forbes Баффеттің байлығын 65,5 миллиард доллар деп бағалады. Бұл көрсеткіш бойынша ол Microsoft компаниясын құрған Билл Гейтс (81 миллиард доллар) және Amazon.com басшысы Джефф Безостан (67 миллиард доллар) кейін тұр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети