03 тамыз 2016 10:50

Алеппода ресейлік Ми-8 тікұшағы құлаған жерде белгісіз аққұба әйелдің куәлігі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© dailymail.co.uk © dailymail.co.uk

Сириялық көтерілісшілердің Идлиб провинциясында атып түсірген ресейлік Ми-8 тікұшағы орнында белгісіз аққұба әйелдің куәлігі табылды, - деп хабарлайды Daily Mail.


Сириялық көтерілісшілердің Идлиб провинциясында атып түсірген ресейлік Ми-8 тікұшағы орнында белгісіз аққұба әйелдің куәлігі табылды, - деп хабарлайды Daily Mail.

Басылым құжаттың және оқиға орнының суреттерін жариялап отыр. Кей суретте сириялық көтерілісшілер ресейлік пилоттың делінген денесін сүйреп бара жатыр. Сонымен қатар, Ми-8 апатқа ұшыраған жерде жүргізуші куәлігі, куәліктер, сақтандыру және православие икондары табылған. 


© dailymail.co.uk/Anadolu/Reuters

Еске салайық, Сирияның Идлиб провинциясында ресейдің Ми-8 тікұшағын атып түсірген болатын. Бортта экипаждың үш мүшесі және бітімгерлік мақсаттағы ресейлік орталықтың екі офицерінің болғаны хабарланған еді. "Бірінші тамыз күні Хмеймим әуе базасына қайтып келе жатқан ресейлік Ми-8 әскери-көлік тікұшағы жерден жасалған шабуылдан құлады. Олар Алеппо қаласына гуманитарлық көмекті жеткізіп, қайтып келе жатқан. Тікұшақта экипаждың 3 мүшесі және Сириядағы жанжалдасқан екі жақты бітімгерлікке шақыру мақсатындағы ресейлік орталықтың екі офицері болған", - делінген еді Ресейдің Қорғаныс министрлігінің баспасөз және ақпарат басқармасының хабарламасында. Ресейлік әскерилердің мәліметінше, Ми-8 "Джебхат ан-Нусра" лаңкестік тобының бақылауындағы аумақта атып түсірілген. 

"Газета.Ru" басылымы РФ Қорғаныс министрлігіндегі өкіліне сілтеме жасай отырып, тікұшақ экипажының үш мүшесінің аты-жөнін жариялады: 33 жастағы капитан Роман Павлов, ұшқыш-штурман - 29 жастағы аға лейтенант Олег Шеламов және 41 жастғаы Алексей Шорохов. Бортта болған тағы екі адамның аты-жөндері нақтыланбады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети