Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Әлнұр Мұсаев пен Вадим Кошляк Венада қамаудан босатылды

30 Сәуір 2015, 09:17
0
Вадим Кошляк пен Әлнұр Мұсаев. ©Reuters, Heinz-Peter Bader
Вадим Кошляк пен Әлнұр Мұсаев. ©Reuters, Heinz-Peter Bader

Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елші Рахат Әлиевтің ісін қарап жатқан Вена соты Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Әлнұр Мұсаев пен Қазақстан Президенті күзетінің бұрынғы қызметкері Вадим Кошлякты қамаудан босатты, - деп хабарлайды Wiener Zeitung австриялық басылымы. Рахат Әлиевтің ісі бойынша сот 14 сәуірде басталды.

Олар Рахат Әлиевпен бірге адам ұрлап, 2007 жылы Нұрбанктың топ-менеджерлерін өлтірді деп айыпталып отыр. Бұған дейін бұл істің австриялық әділет тарихындағы ең күрделі істің бірі болатыны хабарланған еді.

Еске сала кетейік, Рахат Әлиев Венадағы Йозефштадт түрмесінде қайтыс болды. Ол 23 ақпанда түнде асылып қалған күйі табылды. Кейін Австрияның әділет министрлігі бұрынғы елшінің өз-өзіне қол жұмсағанын ресми түрде растады. Құқық қорғау органдары Рахат Әлиевті өткен жылдың 5 маусымы күні Венада ұстаған еді. ҚР Бас прокуратурасы оны ұстауға "Нұрбанк" АҚ топ-менеджерлері Темірәлиев пен Хасеновті ұрлау мен өлтіруге қатысты тергеу материалдары негіз болғанын хабарлады. Қазақстанда бұрынғы елшіге 40 жылға бас бостандығынан айыру сырттай жазасы кесілген болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай