16 наурыз 2021 16:17

Алтын стейк: желі қолданушылары танымал түрік аспазының мейрамханасындағы бағаға таңғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Salt Bae's мейрамханасына келген адамдар желіге кешкі астан кейін шыққан есеп суретін салды. Мейрамханада шыққан есеп Желі қолданушыларын таңғалдырды, - деп хабарлайды LADbible


Salt Bae's мейрамханасына келген адамдар желіге кешкі астан кейін шыққан есеп суретін салды. Мейрамханада шыққан есеп Желі қолданушыларын таңғалдырды, - деп хабарлайды LADbible

Salt Bae's мейрамханасының негізін қалаушы - танымал түрік аспазы Нусрет Гекче. Ол тамаққа тұзды ерекше әдіспен салғаннан кейін мемге айналып кеткен болатын.  

Танымал аспаздың мейрамханасындағы тамақтың бағасы қымбат болып шыққан. Келушілердің бірі желіге кешкі астан кейін шыққан есепті салған. Суретте кешкі ас 6285 доллар - 623 610 теңге шыққаны көрсетілген. Есептің суреті желіде тез тарап кетті. 

Желі қолданушылары танымал мейрамханадағы стейктің бағасын көріп, таңданыстарын жасырмаған. "Томагавк" мәрмәр стейкінің бағасы 275 доллар (114 796 теңге) болса, ал 24 карат алтынмен жалатылған "Алтын Томагавк" стейкі - 1000 доллар (417 439 теңге)

Ал спрайттың бір бөтелкесі 10 доллар (4 174 теңге) болса, картоп фриі 15 доллар (6 261 теңге).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети