01 ақпан 2019 11:40

Америкада үскірік аяздан 250 миллион адам әбігерге түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© NBC © NBC

Қаңтар соңында АҚШ-тың солтүстік батыс өңірінде полярлық құйыннан пайда болған аномаль аяз жергілікті халықты әбігерге салды. Салқын тиіп немесе жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқандар саны 10-нан асты. Қақаған аяз бірнеше күн бойы сақталып тұрған өңірде 250 миллион адам тұрады, - деп хабарлайды Euronews.


Қаңтар соңында АҚШ-тың солтүстік батыс өңірінде полярлық құйыннан пайда болған аномаль аяз жергілікті халықты әбігерге салды. Салқын тиіп немесе жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқандар саны 10-нан асты. Қақаған аяз бірнеше күн бойы сақталып тұрған өңірде 250 миллион адам тұрады, - деп хабарлайды Euronews.

Теміржолдар тоқтады. Мектептер мен университеттер жабылды. Көптеген елді мекенде мемлекеттік мекемелер жұмыс істемейді. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы уақытта аяздың беті қайтпай, одан ары қарай суыта түседі екен. 

Көптеген қалада қоғамдық орындар жылыну мекендері ретінде пайдаланылып жатыр, үйсіз адамдарға жылы киімдер таратылып жатыр. Билік өкілдері көлік жүргізбеуге, мүмкіндігінше үйден шықпауға шақырды. 

Зардап шеккен қалалар арасында БАҚ өкілдерінің басым бөлігі Чикагоға назар аударды, деп жазады TJournal.

30 қаңтарда қала тарихындағы екінші ең суық ауа райы тіркелген - ауа температурасы 30 градусқа дейін (желдің әсерінен ауа температурасы -40 - 53 градус сезіледі). 150 жыл ауа райын болжау кезінде мұндай жағдай 1985 жылы тіркелген. 

30 қаңтарда қала көшелерінде, жолдарында адамдар болмаған - ең танымал жерлердің өзі бос қаңырап тұрған. Чикагода пойыздар жүруі үшін жұмысшылар қатып қалған аймақтарды өртеуге мәжбүр болған. 

Чикаго және Мичиган өзендері қатып қалған. Адамдар ауаға су шашып, дереу буға айналып кетуін видеоға түсіріп жатыр. 

Чикагоның бір тұрғыны кеспеге тәжірибе жасап көрген: оның айтуынша, ол бір минутта қатып қалған. Мұндай тәжірибені осыған дейін Арктикада жасаған еді. 

Әлеуметтік желіде Чикагоға жаңа ат берілді -  "Чибирь" (Чикаго + Сібір).

АҚШ президенті Дональд Трамп қақаған аязда жаһандық жылу болатынына күмән келтірді. Алайда ғалымдардың айтуынша, полярлық құйындар Солтүстік полюсте ауа райының жылуына байланысты АҚШ-та осындай қақаған аяз болғанын айтады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети