13 ақпан 2017 21:19

Америкадағы ең биік бөгет апат алдында тұр: 200 мың адам эвакуацияланып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© CDWR © CDWR

Американың Калифорния штатында ең биік бөгет апат алдында тұр, АҚШ билігі адамдарды дереу эвакуациялау шараларын жүргізіп жатыр. Үйін тастап, қауіпсіз жерге кету туралы хабарламаны бөгеттен төмен жерде орналасқан 200 мыңға жуық адам алған, - деп хабарлайды Reuters.

Оровилл көлінде салынған бөгет өткен ғасырдың алпысыншы жылдары салынған. Оның биіктігі 230 метрді құрайды, ал ондағы судың мөлшері шамамен 4,3 миллиард куб. 

 Сенбіде толассыз жауған жауынның әсерінен, бөгеттің негізгі бөлігібүлінген, содан кейін қосалқы дамбаларда эрозияға ұшыраған. Батте округының шерифінің айтуынша, су тасқыны қауіпіне алып келіп, жақын маңда орналасқан Оровилл, Гридли, Биггс, Юба-Сити, Лома Рика, Лайв Ок, Мэрисвилл, Уитленд және тағы басқа қалаларды су басып қалуы мүмкін.

Жергілікті биліктің айтуынша, бөгеттің құрылысы мықты. Бірақ су тасқыны болса шыдай алмауы мүмкін. 

Қазіргі уақытта апаттың алдын алу үшін Оровилл көлінің деңгейін төмендетіп жатыр, су қашыртқысының деңгейін 2,8 мың кум метрге дейін түсірген. 20 мың ұлттық гвардияның әскері дайын тұрғаны айтылған. 

© Reuters/Twitter/EPA/CDWR/AP 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети