04 ақпан 2022 17:09

Америкалық хакер жалғыз өзі Солтүстік Кореяда интернетті өшіріп тастаған

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Америкалық хакер Пхеньянның өзіне қарсы жасаған кибершабуылына жауап ретінде Солтүстік Кореядағы интернетті өшіріп тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.


Америкалық хакер Пхеньянның өзіне қарсы жасаған кибершабуылына жауап ретінде Солтүстік Кореядағы интернетті өшіріп тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, P4x есімді хакер КХДР-ға қызмет көрсетуден бас тарту (DoS) шабуылдарын жасаған, нәтижесінде көпшілікке қолжетімді бірнеше мемлекеттік сайт өшіріліп, электрондық пошта трафигі бәсеңдеген.

Шындығында, DoS шабуылдары жүйені жалған трафикпен толтырады, қолжетімді өткізу қабілеттілігін тұтынады және серверлердің өңдеу қуатын шектейді, осылайша сайт қолжетімсіз болады. Осылайша, хакер КХДР серверлері мен маршрутизаторларының осал тұстарын пайдаланып, оларға DoS шабуылдарын жасаған. Нәтижесінде, ол Солтүстік Кореяның барлық веб-сайттарын шамамен алты сағат бұғаттап тастаған.

Хакер оның мемлекетке жасаған кибершабуылының өзі КХДР тарапынан хакерлік құралдарды ұрлауға бағытталған кибершабуылдардың сәтсіз құрбаны болғаннан кейін жасалғанын түсіндірді. АҚШ билігі, кибершабуылдарға жауап бермеген сондықтан P4x мәселені өз қолына алуға шешім қабылдаған.

"Олар қайта шабуыл жасаса инфрақұрылымының бір бөлігі біраз уақытқа құлдырайтынын түсінгенін қалаймын", - деді хакер.

Солтүстік кореялықтардың көпшілігі үшін P4x хакерлік шабуылы байқалмай қалғаны айтылды. Басылымның мәліметінше, КХДР азаматтарының бір пайызы ғана интернетті қолданады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети