20 сәуір 2020 09:45

Америкалық миллиардер "COVID-19-ды шығарған адам" атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық миллиардер, әлемнің ең бай адамдарының бірі Билл Гейтс "коронавирусты шығарған адам" атанды. Бұл туралы The New York Times газетіндегі мақалада жазылған, - деп хабарлайды Газета.Ru.


Америкалық миллиардер, әлемнің ең бай адамдарының бірі Билл Гейтс "коронавирусты шығарған адам" атанды. Бұл туралы The New York Times газетіндегі мақалада жазылған, - деп хабарлайды Газета.Ru.

Microsoft компаниясының негізін қалаушы 2015 жылы болашақта адамзатқа қауіп төндіретін ядролық соғыс емес, өлімге әкеп соғатын жұқпалы вирус болатынын айтқан көрінеді. Бүгін Билл Гейтстің бұл видеосы YouTube-те көптеген қаралым жинаған. 

Желіде 64 жастағы миллиардер "COVID-19-ды шығарған адам" деген видео мен жазбалар пайда болған.  

Бұл теорияға сәйкес, кәсіпкер қауіпті вирусты вакцина жасап, ақша табуы үшін қасақана ойлап тауыпты-мыс. Тағы бір нұсқа бойынша, Гейт коронавирустың жаңа түрі арқылы Жердің халқының санын қысқартып, әлсіздер мен созылмалы аурулары бар адамдарды "сұрыптағысы" келген көрінеді. 

Басылым мәліметінше, Билл Гейтс Twitter желісіндегі парақшасында АҚШ президенті Дональд Трамп Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын қаржыландыруды тоқтатқаны үшін сынға алғаннан кейін кәсіпкерге қарсы пікірлер пайда бола бастаған. 

Одан бөлек, соңғы айларда миллиардер БАҚ беттеріне, телеарналарға америкалық биліктің эпидемияға байланысты шешіміне қатысты пікір білдірген. 

Билл Гейтстің өзі бұл жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартқан. Кәсіпкердің Bill & Melinda Gates Foundation қайырымдылық қорының басшысы Марк Сузман оны қиын сәтте бірігудің орнына жалған ақпарат таратып жүрген адамдар көңілін қалдыратынын айтқан.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети