30 қазан 2020 16:17

Америкалықтар президент сайлауы қарсаңында жаппай қару-жарақ сатып алып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay Фото: pixabay

АҚШ-тағы президент сайлауы қарсаңында қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сату дерегі күрт өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sky News-ке сілтеме жасап.


АҚШ-тағы президент сайлауы қарсаңында қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сату дерегі күрт өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sky News-ке сілтеме жасап.

Федералды тергеу бюросының (FBI) мәліметінше, президент сайлауы қарсаңында қару-жарақ сату дерегі 2 есе өскен. Осыған байланысты АҚШ-тағы ең ірі Walmart компаниясы 4 700 дүкеннің жартысынан атыс қарулары мен оқ-дәрілерді сатудан алып тастады.

"Біз тәртіпсіздіктердің куәгері болып отырмыз. Осыған байланысты серіктестеріміз бен клиенттеріміздің қауіпсіздігі үшін сатудан атыс қаруы мен оқ-дәрілерді алып тастадық", - делінген компания таратқан хабарламада.

Президенттік сайлау қарсаңында адамдар оқ-дәрілерді жеке басының қауіпсіздігі қамтамасыз үшін сатып алуы мүмкін. Сонымен қатар, америкалықтар сайлауда демократтар жеңіске жетске, қаруды сатып алуға қосымша шектеулер енгізілуі ықтимал деген пікірде.

"Сайлау әрқашан саудаға әсер етеді. Өйткені адамдар үрейлене бастайды. Егер оларда тапанша болмаса, тұрғындар оны міндетті түрде сатып керек деп ойлайды", - дейді Арканзастағы қару-жарақ дүкенінің иесі Эрин Латша.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети