06 маусым 2014 15:14

Амстердамға қонған ұшақ шассиінен жасөспірімнің денесі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Схипхол әуежайы. ©REUTERS Схипхол әуежайы. ©REUTERS

Амстердамның Схипхол әуежайының қызметкерлері Норвегиядан ұшып келген ұшақтың шассиінен жасөспірімнің денесін тапты, - деп хабарлайды РИА Новости. Ұшақ KLM әуе компаниясына тиесілі.


Амстердамның Схипхол әуежайының қызметкерлері Норвегиядан ұшып келген ұшақтың шассиінен жасөспірімнің денесін тапты, - деп хабарлайды РИА Новости. Ұшақ KLM әуе компаниясына тиесілі.

KLM ұшағы Норвегияның Ларвик қаласынан ұшып келген. Лайнер қонғаннан кейін әуежайдың жерүсті қызметінің өкілдері шассиден жас жігіттің денесін көрген. Полицейлер оны аутизммен ауыратын 17 жастағы жеткіншектің денесі деп есептейді. Норвегияда 4 маусым күні оның жоғалып кеткені туралы хабар тараған.

"KLM әуе компаниясының ұшағы Схипхолға қонғаннан кейін мәйіт оң шассидің бағанына арналған кеңістіктен табылды", - делінген жергілікті полицияның мәлімдемесінде. Алдын ала болжам бойынша, оның өлімі оттегі тапшылығынан болған. Тергеушілер қасақана кісі өлтіру деген нұсқаны қарастырып жатқан жоқ.

Мұндай оқиға өткен сәуір айында да болған еді. Америкалық жасөспірім Сан-Хоседен Гавайиге ұшқан ұшақтың шассиіне жабысып Тынық мұхитының жартысын кесіп өткен. Жерден 11 шақырым биіктікте - оттегі жоқ кеңістікте ұшса да, 16 жастағы бала тірі қалды. Оны Гавайидегі әуежай қызметкерлері тауып алды. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети