19 наурыз 2020 11:44

Ангела Меркель коронавирусты Екінші дүниежүзілік соғыспен салыстырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германия канцлері Ангела Меркель коронавирус пандемиясын Екінші дүниежүзілік соғыспен салыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Германия үкіметінің сайтына сілтеме жасап.


Германия канцлері Ангела Меркель коронавирус пандемиясын Екінші дүниежүзілік соғыспен салыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Германия үкіметінің сайтына сілтеме жасап.

18 наурызда Ангела Меркель коронавирусқа байланысты халыққа үндеу жасаған. Канцлер Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазіргідей проблемалардың болмағанын айтады. Оның айтуынша, коронавируспен күрес бүкіл тарихымыздың алдына міндет қойды.

Коронавирус қазір әрбір елдегі өмірді өзгертіп жатыр дейді Меркель.

Германия канцлері ел болып бірігіп, барлық күш-жігердің арқасында осы сыннан өтеміз деген сенім білдірді. Меркель мұндай қиын жағдайда үкіметтің қолдан келгеннің барлығын жасайтынын айтты.

Бүгінде коронавирусты әлемнің 130 елінде шамамен 218 мың адам жұқтырды. 8 810 адам қайтыс болып, 84 мыңнан аса адам вирустан айыққан.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети