Анкарадағы теракт салдарынан қаза тапқандардың саны 28-ге жетті, - деп хабарлайды AFP.
Анкарадағы теракт салдарынан қаза тапқандардың саны 28-ге жетті, - деп хабарлайды AFP.
Сонымен қатар, 60-тан аса адамның түрлі деңгейдегі жарақат алғаны белгілі болып отыр. "61 адам жарақат алды, олар қаладағы 14 ауруханаға жеткізілді. Қаза тапқандардың санын нақты айта алмаймын, бұл іс ІІМ құзыретінде", - деді елдің денсаулық сақтау министрі Мехмет Мюеззиноғлы.
Еске салайық, Түркия астанасының орталығындағы жойқын жарылыс кеше жергілікті уақыт бойынша сағат 18.30-да Қызылай ауданында болған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, әскери машина жатақхана маңынан өтіп бара жатқан кезінде сол маңда тұрған көлік жарылған. Ал Түркияның билеуші партиясының өкілдері жарылыстың теракт екенін мәлімдеді.