Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Апатқа ұшыраған AirAsia ұшағының құйрық бөлігі табылды

02 Қаңтар 2015, 17:49
0
©REUTERS
©REUTERS

Индонезияның әскери кемесі Ява теңізіндегі Airbus апатқа ұшыраған ауданнан ұшақтың құйрық бөлігін тапты, - деп хабарлайды РИА Новости dpa агенттігіне сілтеме жасап.

"Бізге қапталды шола алатын гидролокатордың көмегімен ұшақтың құйрық бөлігін табу мүмкін болды", - кеме капитаны Йаян Софьян.

Оның айтуынша, ұшақтың құйрық бөлігі 29 метр тереңдікте жатыр. Бұған дейін бұл ауданнан барлығы 22 адамның мәйіті табылған.

Мәйіттердің кімдікі екені біртіндеп анықталып жатыр. 

Еске сала кетейік, AirAsia Indonesia компаниясының ұшағы 28 желтоқсан күні Сурабаядан Сингапурға ұшқан еді. Бір сағат өтпей жатып, пилот ауа райына байланысты бағытты өзгертуге рұқсат сұрайды. Оған бұлтты аймақты биікке көтерілмей-ақ айналып өтуге рұқсат беріледі, өйткені бұл аймақта биіктікте басқа да ұшақтар болды. Бұдан кейін AirAsia Indonesia лайнері радар экрандарынан жоғалып кетті, ол апат дабылын қағып үлгермеген. Бұл кезде ұшақ Индонезияның Танджунгпандан қаласынан 100 теңіз милі шамасында болған. Ұшақта 162 адам отырған. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай