АҚШ-тағы бастауыш мектептегі атыс: Жаңа деректер пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тағы бастауыш мектептегі атыс: Жаңа деректер пайда болды © REUTERS/Mario Anzuoni

АҚШ-тың Калифорния штатында орналасқан Сан-Бернардино қаласындағы бастауыш мектепте болған атыстан қаза тапқандар саны үш адамға жетті, - деп хабарлайды Reuters полицияға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың Калифорния штатында орналасқан Сан-Бернардино қаласындағы бастауыш мектепте болған атыстан қаза тапқандар саны үш адамға жетті, - деп хабарлайды Reuters полицияға сілтеме жасап. 

Полиция мәліметінше, ауруханада 8 жастағы оқушы көз жұмған. Тағы бір баланың жағдайы аса ауыр халде. 

Осыған дейін екі ересек адамның (мұғалім әйел және ер адам) қаза тапқаны туралы хабарланған еді. Ер адам мұғалімнің бұрынғы күйеуі екені анықталған. Полицияның мәліметінше, қылмыскер сыныптың ішінде оқ ата бастағанда, балаларға оқ кездейсоқ тиген,

Сан-Бернардино қаласында 2015 жылы желтоқсанда отбасылық жұп 14 адамды атып тастаған болатын. 

Еске салайық, жергілікті полиция басшысы Джарред Бергуанның айтуынша, атыс North Park мектебінде болған. Онда 5-12 жас аралығындағы балалар оқиды. Атыс салдарынан екі ересек адам қаза тапты. Екі оқушы ауруханаға жеткізілген, олардың жағдайы белгісіз. 

Бергуанидың ойынша, қылмыскер өзіне қол жұмсаған. "Қазіргі уақытта қауіп-қатер жоқ", - деп жазды ол Twitter желісіндегі парақшасында. Полиция оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, оқушылар эваккуацияланған.  

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети