22 қаңтар 2021 09:41

Аргентина президенті коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасын салдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Аргентина президенті Альберто Фернандес коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасын салдырды. Бұл туралы жергілікті БАҚ президент аппаратына сілтеме жасап мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости. 


Аргентина президенті Альберто Фернандес коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасын салдырды. Бұл туралы жергілікті БАҚ президент аппаратына сілтеме жасап мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости. 

"Альберто Фернандес ресейлік вакцинаның алғашқы дозасын салдырды, - деп хабарлады президент әкімшілігі. Президент бүгін таңертең Посадас ауруханасында вакцина салдырды", - деп жазды Razon басылымы Twitter желісіндегі парақшасында.

Таяуда Аргентина басшысы коронавирусқа қарсы ресейлі "Спутник V" вакцинасын 60 жастан асқандарға салдыруға рұқсат берді. Бұған дейін оған рұқсат етілмеген, сондықтан Аргентинаға келген алғашқы дозалар 18 бен 59 жас аралығындағы медицина қызметкерлері және қарқынды терапия қызметкерлеріне салынды. 

Коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасы Аргентина, Боливия, Сербия, Венгрия, Алжир, Палестина, БАӘ, Венесуэла, Парагвай және Түрікменстанда тіркелген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети