Армения Президенті Серж Саргсян тәуелсіздігі әлі мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасына (ТҚР) тікұшақпен ұшып келді, - деп хабарлайды РИА Новости Армения мемлекеті басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Армения Президетінің бұл сапардағы мақсаты - ТҚР басшысы Бако Саакянмен, Армения және ТҚР Қорғаныс министрлері Сейран Онанян мен Мовсес Акопянмен бірге "Бірлік 2014" жедел-тактикалық оқу-жаттығуларларына қатысу. Айта кетейік, оны ұйымдастырып отырған – Армения мен ТҚР. Басшылар екі елдің қорғаныс саласының әскери дайындығымен таныспақ.
Армения басшысының бұл сапары Таулы Қарабақтағы оқиғаға байланысты. 12 қарашада Әзірбайжан Қорғаныс министрі Арменияға тиесілі Ми-12 тікұшағын атып түсіргендерін мәлімдеген еді. Олардың ойынша тікұшақ "Әзірбайжан жерін атқыламақ болған-мыс". Ал ТҚР "ТҚР тікұшағы құлады. Ол ұшу-жаттығу жасап жүрген. Салдарынан үш адам қаза болды", - деп хабарлады.
Армения СІМ болса, "оққа ұшқан тікұшақ үшін Әзірбайжан жауапты" дейді. Өз кезегінде, Әзірбайжан СІМ Таулы Қарабақ әуе кеңістігінің жабылатындығын мәлімдеді.