Атамбаев Қазақстанмен қарым-қатынасын айтып, Путинге шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атамбаев Қазақстанмен қарым-қатынасын айтып, Путинге шағымданды Алмазбек Атамбаев

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Ресей Федерациясы Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты реттеуге көмектесуі керек деп санайтынын айтты. Бұл туралы ол елді басқарғанына алты жыл толуына орай өткен баспасөз конференциясы барысында мәлімдеді, - деп жазады РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Ресей Федерациясы Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты реттеуге көмектесуі керек деп санайтынын айтты. Бұл туралы ол елді басқарғанына алты жыл толуына орай өткен баспасөз конференциясы барысында мәлімдеді, - деп жазады РИА Новости.

"Өздеріңіз білетін боларсыздар, жақында мен Ресей президенті Владимир Владимирович Путинмен кездестім. Оған ашық түрде "сіздерге Еуразиялық экономикалық одақ керек болса, оны бұзып жатқандардың ісіне араласпай осылай отыра беруге болмайды" деп айттым", - деді Қырғызстан президенті екі ел арасындағы ынтымақтастықты реттеу туралы сұрақтарға жауап бере отырып.

Айта кетейік, осыған дейін Алмазбек Атамбаев Қазақстан билігін президент сайлауына араласып жатыр деп айыптаған болатын. Соған байланысты Қазақстан Қырғызстанмен шекарада қауіпсіздік шараларын күшейткен еді. Нәтижесінде шекарадан өтетін азаматтардың саны 2,5 есеге қысқарған болатын.

Бірақ 10 қарашада Қырғызстан билігі Қазақстан тарапы жүк бақылауында көп шара қолданып жатқаны туралы мәлімдеді. Өз кезегінде Қазақстан премьері Бақытжан Сағынтаев Қырғызстанмен шекарадағы қатаң бақылаудың Бішкекке қарсы емес, керісінше, контрабанда көлемін қысқартуға бағытталғанын мәлімдеді.

Кейінірек 24 қарашада өз қызметіне кірісетін Сооронбай Жээнбеков соңғы уақытта Қазақстанмен болып жатқан қарым-қатынастағы мәселелердің уақытша екеніне және оның барлығы жақында шешілетініне сенімді екенін мәлімдеген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети