08 қараша 2017 13:47

Барлық мәселе шешіледі деп сенемін - Жээнбеков Қазақстанмен қарым-қатынас жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© jeenbekov2017.kg © jeenbekov2017.kg

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков соңғы уақытта Қазақстанмен болып жатқан қарым-қатынастағы мәселелердің уақытша екеніне және оның барлығы жақында шешілетініне сенімді. Бұл туралы ол РИА Новости тілшісіне берген сұхбатында айтты.

"Қырғызстан-Қазақстан қарым-қатынасы ортақ тарих, мәдениет, рухани құндылықтар, көршілік пен бауырластыққа негізделген. Соңғы кездегі проблемалар уақытша ғана. Тараптар бұл мәселелерді реттеу мақсатында бірнеше келіссөз жүргізді. Жақын арада осы мәселелердің барлығы шешіледі деп сенемін", - деді Сооронбай Жээнбеков.

Айта кетейік, Қырғызстанда президент сайлауы биыл 15 қазанда өткен болатын. Сайлауда социал-демократиялық партияның атынан түскен Сооронбай Жээнбеков 54,75 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен еді. Ал Қырғыз Республикасының экс-премьер-министрі Омурбек Бабанов 33,8 пайыз дауыс жинап, екінші орын алды. Үшінші орында "Бутун Қырғызстан" партиясының басшысы Адахан Мадумаров - 6,47 пайыз дауыс.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети