Атамбаев сот шешімі бойынша босатылды - қорғаушы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атамбаев сот шешімі бойынша босатылды - қорғаушы Фото:facebook.com/kunduz.zholdubaeva

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев тергеу изоляторынан соттың шешімі бойынша босатылды. Бұл туралы оның қорғаушысы Замир Жоошев Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев тергеу изоляторынан соттың шешімі бойынша босатылды. Бұл туралы оның қорғаушысы Замир Жоошев Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы

Бұған дейін Қырғызстанның астанасында митингіге шыққандар экс-президент Алмазбек Атамбаевты Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің тергеу изоляторынан, жемқорлық үшін сотталған Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Сапар Исақов колониядан және т.б. тұлғалардың босатылғаны туралы хабарланған.

Жоошевтің айтуынша, олардың бәрі Бішкектің Первомайск аудандық соты қаулысының негізінде босатылған.

"Кінәлі деп танылған Атамбаев Алмазбек Шаршенович, Ниязов Фарид Абилезимович, Джеенбеков Равшан Бабырбекович, Мискенбаев Меербек Джайлообекович, Сагымбаев Канат Райымбекович, Баабиев Фархат Жекшенбекович, Кырпбек уулу Рысбек, Осмоналиев Канат Амангельдиевичке қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын сот тергеуі жүрген уақытта, яғни 2020 жылғы 11 қарашаға дейін үй қамауына ауыстырылсын. 

Кінәлі деп танылған Атамбаев Алмазбек Шаршенович, Ниязов Фарид Абилезимович, Джеенбеков Равшан Бабырбекович, Мискенбаев Меербек Джайлообекович, Сагымбаев Канат Райымбекович, Баабиев Фархат Жекшенбекович, Кырпбек уулу Рысбек, Осмоналиев Канат Амангельдиевич жедел түрде қамаудан босатылсын", - делінген соттың қаулысында.

Фото: facebook.com/Замир Жоошев

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети