21 ақпан 2022 12:50

Атлант мұхитында 4000 қымбат көлік тиелген кеме өртеніп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Португалияда Азор аралдары жағалауында мыңдаған қымбат көлік тиелген кемеде өрт шықты. Құтқарушылар бесінші күн қатарынан өртті сөндіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Португалияда Азор аралдары жағалауында мыңдаған қымбат көлік тиелген кемеде өрт шықты. Құтқарушылар бесінші күн қатарынан өртті сөндіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

4000-ға жуық көлікті, соның ішінде Porsche, Audi және Bentley брендтерін тасымалдайтын Felicity Ace кемесінен 16 ақпанда Атлант мұхитының ортасында өрт шыққан. Сол күні борттағы экипаждың 22 мүшесі эвакуацияланған.

"Жалынды сөндіру өте байыпты жүргізілуі керек. Бұл біраз уақыт алады, өйткені борттағы электр көліктердегі аккумуляторлар өртті қоздырады", - деді Азор аралдарындағы Файал аралындағы ең жақын порттың капитаны Джоао Мендес Кабекас. 

Ол өртті сөндіруге арналған арнайы жабдық келе жатқанын айтты. Агенттік мәліметінше, қуаттағыштар өртке себеп болды ма, жоқ па әлі белгісіз.

Сондай-ақ, Кабекас құтқару топтары кеменің құрылымын салқындату арқылы өртті тек сыртынан сөндіре алатындығын түсіндірді, өйткені бортқа шығу өте қауіпті. Құтқарушылар жарылысты жоққа шығармайды.

©REUTERS

Кеме тиесілі сингапурлық MOL ShipManagement (CO) компаниясының өкілі өрттің себептерін тексеруге бірнеше ай кететінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети