13 қаңтар 2017 10:08

Атышулы оқиға: Қолында баласы бар босқынды шалып құлатқан венгр журналисі сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сириялық босқынды шалып құлатқан венгр журналисі Петра Ласло сотталды, - деп хабарлайды Fox News. Оқиғаның видеосы Желіде тарап кетіп, қоғам тілшінің әрекетін сөккен еді.


Сириялық босқынды шалып құлатқан венгр журналисі Петра Ласло сотталды, - деп хабарлайды Fox News. Оқиғаның видеосы Желіде тарап кетіп, қоғам тілшінің әрекетін сөккен еді.

Оқиға 2015 жылдың күзінде Сербияның шекарасында болған. Бірнеше оператор жүгіріп өтіп жатқан босқындарды түсіріп жатқан. Осы сәтте Петра Ласлоның қолында баласы бар ер адамды құлатқаны видеоға түсіп қалған. Желі қолданушылары журналистің бұл әрекет арқылы видеоны қызықты еткісі келгенін атап өткен болатын. Алайда ол жұмысынан шығарылып, ісі сотқа жолданған еді.

Сот отырысында Ласлоның адвокаттары әйелдің бұл іс арқылы өзін қорғағысы келгенін айтып, ақтап жатты. Ал журналистің өзі жаппай жүгіріп келе жатқан босқындардан шошып қалғанын айтқан. Ол шартты түрде үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, видеода қолында баласы бар ер адам - Усама Мохсен. Осы оқиғадан кейін ер адамға Испанияның футбол мектептерінің бірінен жұмыс ұсынылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети