Ауған босқындарын көрші елдер қабылдауы керек - ЕО

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауған босқындарын көрші елдер қабылдауы керек - ЕО

Еуропалық Одақ (ЕО) Ауғанстан босқындарын көрші елдер қабылдауы керек деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ЕО кеңесінің сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуропалық Одақ (ЕО) Ауғанстан босқындарын көрші елдер қабылдауы керек деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ЕО кеңесінің сайтына сілтеме жасап.

Еуроодақтың ішкі істер министрлері Ауғанстандағы оқиғаларды, халықаралық қорғау, көші-қон және қауіпсіздік салаларын талқылады. Брюссельдегі кездесуде қабылданған мәлімдемеде, Ауғанстанмен көршілес елдер босқындарды қорғауды қамтамасыз ету керек делінген. Қазіргі уақытта ЕО бұл мәселе бойынша нақты міндеттемелер алғысы келмейді.

©REUTERS

"Осыған дейін болған жағдайларға сүйене отырып, ЕО және оған мүше мемлекеттер келісілген және реттелген жауап беру шараларын дайындау арқылы заңсыз көші-қон қозғалыстарының қайталануын болдырмау үшін бірлесіп әрекет етуге бел буады. Заңсыз көші-қонды ынталандырудан аулақ болу керек", - делінген хабарламада.

Құжатта Ауғанстандағы билікті "Талибан" басып алғаннан кейін осындай оқиғалардың дамуын болдырмау үшін (Жоғарғы сот шешіміне сәйкес Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстанмен көршілес орналасқан елдерде оған мұқтаж адамдарды тиісті қорғауды қамтамасыз ету қажет екені және бұл елдерді қолдау күшейтілуі керек екені айтылған.

©REUTERS

Сондай-ақ, Еуроодақ Ауғанстанмен көрші елдерге босқындарды қабылдау үшін қолма-қол ақша беруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, мәлімдемеде Еуропаға қауіпті және заңсыз сапарға шығуға шақыратындарды тоқтату керек делінген.

©REUTERS

Мәлімдемеге сәйкес, қорғауды қажет ететін ауған азаматтарын көшіру ЕО мемлекеттері орын ұсынған жағдайда ғана жүзеге асырылуы керек.

Бұған дейін Еуропалық парламент төрағасы Еуропалық Одақ елдерін Ауғанстаннан мигранттарды көшіруді ұйымдастыру үшін шаралар қабылдауға шақырды. ЕО дипломатиясының басшысы Жозеп Боррел ЕО көші-қон апаты мен гуманитарлық дағдарыстың алдын алу үшін "Талибан" қозғалысымен мүмкіндігінше тезірек байланыс орнатуы керек деді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети