08 қыркүйек 2021 19:05

Тоқаев Ауғанстан қазақтарын қайтару мәселесі қаралып жатқанын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев © Akorda.kz Қасым-Жомарт Тоқаев © Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы ахуалға байланысты қабылданған шешімдер мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Ақорда резиденциясында он мемлекеттің жаңадан тағайындалған төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімінде мәлімдеді.


Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы ахуалға байланысты қабылданған шешімдер мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Ақорда резиденциясында он мемлекеттің жаңадан тағайындалған төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімінде мәлімдеді.

"Ауғанстандағы шиеленіскен мәселелерді реттеу үшін Қазақстан шетелдік серіктестерімен тізе қосып жұмыс істеп келеді. Біз, ең алдымен, сол жердегі отандастарымызды ұйымдасқан түрде эвакуациялауды қамтамасыз еттік. Енді біз Ауғанстандағы қазақ диаспорасының мүшелерін, яғни қандастарымызды елге қайтару мәселесін қарастырып жатырмыз. Гуманитарлық ұстанымдарға сәйкес, ауғанстандық 57 студенттің білім беру визаларын ұзарттық. Сонымен қатар бортында шетел азаматтары бар ұшақтарға жанармай құю үшін транзиттік әуе дәліздері мен қону алаңдарын ұсындық. БҰҰ-ның Ауғанстан жөніндегі агенттіктерінің қашықтағы уақытша кеңсесі Алматы қаласына орналастырылды", - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Президент еліміздің COVID-19 пандемиясымен күрес кезінде халықаралық серіктестерімен ынтымақтастығын атап өтті.

"Қазіргі уақытта адамзат COVID-19 пандемиясынан медициналық, әлеуметтік және экономикалық дағдарыстан зардап шегуде. Бұл халықаралық жүйенің ғаламдық төтенше жағдайларға қаншалықты дайын емес екенін көрсетті. Пандемиямен күресте Қазақстан өзінің жаһандық серіктестерімен ынтымақтастықтың арқасында Ресейден, Қытайдан және АҚШ-тан вакциналар жеткізуді қамтамасыз етіп келеді. Еліміз тиімді, ең бастысы, қауіпсіз вакцина жасап шығарды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сертификатын алғаннан кейін біз оларды шетелдерге жеткізе аламыз. Пандемия, жаппай қырып-жою қаруының таралуы және климаттың өзгеруі сияқты ғаламдық қауіп-қатерлермен күресте күш біріктіргеніміз абзал. Ядролық қарудан азат әлем құру Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыты болып қала беретінін атап өткім келеді. Мен былтыр БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің аясында биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құруды ұсынып, жаһандық күн тәртібінің тағы бір өлшемін ұсындым", - деді Президент.

Еске салайық, 15 тамызда "Талибан" қозғалысының содырлары Ауғанстанның астанасы Кабулды басып алып, президент сарайына басып кірді. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті. Талибан Ауғанстан Ислам Әмірлігін құруға ниет білдірді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети