Ауғанстан президенті елден кетті. Видео жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауғанстан президенті елден кетті. Видео жарияланды Ашраф Ғани. Фото © REUTERS

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Кабулдан кетіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Кабулдан кетіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Иранның Tasnim агенттігі әуежайдан видео жариялады. Кей мәлімет бойынша, Ашраф Ғани отставкаға кетуге келіскеннен кейін елден ұшып кетті. "Азия-Плюс" ақпараты бойынша, Ауғанстан Президенті Тәжікстанға сапар шегіп, одан кейін басқа елге барады (бірақ қай елге баратыны әлі белгісіз).

Журналистер Ашраф Ғаниді оның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Хамдулла Мухиб пен Әкімшілік басшысы Фазл Махмуд алып жүргенін хабарлап жатыр.

Тоқаев Ауғанстандағы жағдай бойынша мәлімдеме жасады

15 тамызда "Талибан" террористік қозғалысы Ауғанстанның бүкіл аумағын бақылауға алғанын жариялады. Содырлар Үкіметпен Кабулға бейбіт жолмен кіру мүмкіндігі туралы келіссөз жүргізіп жатқанын және Ауғанстан үкіметі өтпелі кезең аяқталғанға дейін Кабулдың қауіпсіздігі үшін жауап беретінін айтқан.

Айта кетейік, мамыр айында Ашраф Ғани Қасым-Жомарт Тоқаевқа қоңырау шалған. Сол кезде ол ауғанішілік диалогты қолдағаны және гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қазақстанға ризашылығын білдірген болатын.

Ашраф Ғани 2014 жылдың қыркүйегінде Ауғанстан президенті болды. 2015 жылы ол Қазақстанға ресми сапармен келген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети