07 шілде 2019 15:51

Ауғанстанда жойқын жарылыстан 200-ге жуық адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауғанстанның Газни қаласында лаңкес жүк көлігін жарып жіберді, - деп хабарлайды РИА Новости "Пажвак" агенттігіне сілтеме жасап. 


Ауғанстанның Газни қаласында лаңкес жүк көлігін жарып жіберді, - деп хабарлайды РИА Новости "Пажвак" агенттігіне сілтеме жасап. 

Қазіргі уақытта 179 адамның жарақат алғаны және 12 адам қаза тапқаны туралы айтылады. Жарылысты "Талибан" қозғалысы өз мойнына алды. 

Жергілікті БАҚ мәліметінше, зардап шеккендердің көбісі қарапайым тұрғындар. Оларды ауруханаға жеткізген. Зардап шеккендердің арасында 36 бала бар екені айтылады. 

Ауғанстан президенті Ашраф Ғанидың баспасөз қызметінің жетекшісі Садик Садикки талибтердің шабуылын айыптап, мұны теракт деп атады. "Газни қаласындағы жеке мектептің жанында талибтердің террорлық шабуылы бейбіт тұрғындардың өліміне әкеліп соқты, ал бұл адамзатқа қарсы қылмыс болып табылады", - деп жазды баспасөз қызметінің жетекшісі Twitter желісіндегі парақшасында. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети