Ауғанстанның бұрынғы вице-президенті Тәжікстанға қашып кетті - БАҚ

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауғанстанның бұрынғы вице-президенті Тәжікстанға қашып кетті - БАҚ Фото: ©REUTERS

Ауғанстанның бұрынғы вице-президенті Тәжікстанға қашып кеткені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауғанстанның бұрынғы вице-президенті Тәжікстанға қашып кеткені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Ауғанстанның бұрынғы вице-президенті Амрулла Салехтің Тәжікстанға ұшып кеткені туралы хабар 4 қыркүйекте пайда болды. Үндістанның Times Now телеарнасы Республиканың бұрынғы вице-президенті ұлттық қарсылық майданы жетекшілерімен көрші елге барғанын хабарлады.

"Талибан" қозғалысының өкілі (Жоғарғы сот шешімі бойынша, Қазақстанда тыйым салынған) Забиулла Муджахид оған Амрулла Салех пен Панжшердегі қарсылық жетекшісі Ахмад Масуд Тәжікстанға ұшып кеткені туралы жеткізгенін айтты.

Алайда саясаткер нақты қай жерде екені әлі жарияланған жоқ.

Бұған дейін Ауғанстан вице-президенті Амрулла Салех Ауғанстан конституциясына сілтеме жасап, өзін уақытша мемлекет басшысы жариялап, президент Ашраф Ғани елден кеткеннен кейін тәліптермен күресуге шақырған болатын.

Салех сол кезде "Талибан" бақылауында болмаған Ауғанстанның жалғыз провинциясы Панжшерде содырларға қарсылық армиясын жинай бастады. Алайда, кейін тәліптер Ауғанстанның Панжшер провинциясын толық басып алғанын мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети