12 қараша 2021 13:31

Австрияда вакцина алмағандарға локдаун енгізілуі мүмкін

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Австрия билігі екпе алмаған азаматтарға COVID-19-ға қарсы қатаң шектеу шараларын енгізуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.


Австрия билігі екпе алмаған азаматтарға COVID-19-ға қарсы қатаң шектеу шараларын енгізуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Австрия канцлері Александр Шалленберг мәлімдеді. Канцлердің айтуынша, екпе алмағандарға ұлттық шектеу жасалуы "мүмкін". Бұл екпе алмаған адамдар жұмысқа бару, азық-түлік сатып алу немесе спортпен шұғылдану қажет болған жағдайларды есептемегенде, үйден шыға алмайтынын білдіреді.

"Кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын жоспарға сәйкес, екпе алмаған адамдарға оқшаулау режимі енгізілгенге дейін бірнеше күн қалды", - деді Шалленберг батыс Форарлберг провинциясында өткен баспасөз мәслихатында.

Аурулардың алдын алу және бақылау жөніндегі Еуропалық орталықтың мәліметінше, Австрия халқының шамамен 65 пайызы коронавирусқа қарсы екпе алған, бұл - Лихтенштейннен басқа Батыс Еуропа елдерінің ішіндегі ең төменгі көрсеткіш.

"Екпе салдыртпағандарға тыйым салу, адам жұмысқа, дүкенге (негізгі қажет заттар үшін) бармайтын болса, үйінен шыға алмайтынын білдіреді", - деді Шалленберг.

Австрияда екпе алмаған адамдарға мейрамханаларға, кинотеатрларға, шаңғы тебуге, шаштараздарға баруға тыйым салынды. Көптеген австриялықтар вакцинаға күмәнмен қарайтыны, бұл пікірді парламенттегі үшінші үлкен Бостандық партиясы қолдайтыны атап өтілді.

Кейінгі 24 сағат ішінде елде инфекцияның рекордтық саны тіркелді - 11 975, Австрияның коронавирус комиссиясы қауіп туралы ескертті.

Бұған дейін мыңдаған адамдар коронавируспен күресуге бағытталған шектеулерге наразылық білдіріп, Венада шеруге шыққан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети