ПОДЕЛИТЬСЯ
02 желтоқсан 2019 | 11:31
Автобус апаты: Забайкалье губернаторы аза тұту күнін жариялады
Ресейде көпірден құлап түскен автобустан зардап шеккен жолаушылар тиісті медициналық көмек алып жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ресейде көпірден құлап түскен автобустан зардап шеккен жолаушылар тиісті медициналық көмек алып жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости.
Чита - Сретенск бағытындағы автобус 1 желтоқсанда көпірден құлап түскен. Оқиға салдарынан 19 адам көз жұмып, 21 жолаушы түрлі жарақат алған. Забайкалье аймағының губернаторы 2 желтоқсан - аза тұту күні деп жариялады.
Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 6 адам Читадағы клиникалық ауруханаға жеткізілді. Оның төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр.
Ресейде жолаушылар автобусы көпірден құлады: Қаза тапқандардың саны артты
Сонымен қатар, дәрігерлер аяғы ауыр келіншектің баласын құтқарып қалған. Ал Шилкинский ауданына жеті адам жеткізілген. Оның екеуі ауыр халде жатыр.
Забайкальедегі апатқа байланысты Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев, вице-премьер Татьяна Голикова, бірнеше облыстардың губернаторы, сондай-ақ Еуропа Кеңесі, Әзірбайжан мен Катар билігі көңіл айтты.
© "Подъем" Telegram-арнасы
Показать комментарии
Читайте также