Автобус апаты: Забайкалье губернаторы аза тұту күнін жариялады

Автобус апаты: Забайкалье губернаторы аза тұту күнін жариялады © "Подъем" Telegram-арнасы

Ресейде көпірден құлап түскен автобустан зардап шеккен жолаушылар тиісті медициналық көмек алып жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости


Ресейде көпірден құлап түскен автобустан зардап шеккен жолаушылар тиісті медициналық көмек алып жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости

Чита - Сретенск бағытындағы автобус 1 желтоқсанда көпірден құлап түскен. Оқиға салдарынан 19 адам көз жұмып, 21 жолаушы түрлі жарақат алған. Забайкалье аймағының губернаторы 2 желтоқсан - аза тұту күні деп жариялады.

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 6 адам Читадағы клиникалық ауруханаға жеткізілді. Оның төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр. 

Ресейде жолаушылар автобусы көпірден құлады: Қаза тапқандардың саны артты

Сонымен қатар, дәрігерлер аяғы ауыр келіншектің баласын құтқарып қалған. Ал Шилкинский ауданына жеті адам жеткізілген. Оның екеуі ауыр халде жатыр. 

Забайкальедегі апатқа байланысты Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев, вице-премьер Татьяна Голикова, бірнеше облыстардың губернаторы, сондай-ақ Еуропа Кеңесі, Әзірбайжан мен Катар билігі көңіл айтты.


© "Подъем" Telegram-арнасы

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.23   566.33   6.71 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +31
Ақтау +30
Ақтөбе +26
Атырау +29
Б
Балқаш +31
Ж
Жезқазған +32
Қ
Қарағанды +29
К
Көкшетау +30
Қ
Қостанай +31
Қызылорда +31
П
Павлодар +29
Петропавл +32
С
Семей +33
Т
Талдықорған +32
Тараз +33
Түркістан +25
О
Орал +31
Ө
Өскемен +30
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер