28 желтоқсан 2020 09:58

"Әйелі опасыздық жасаған". Балаларын өлтіріп, өзіне қол салған ер адамға қатысты тың ақпарат шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kp.ru © kp.ru

Үфі қаласының 37 жастағы тұрғыны Фазыл Халиков әйелімен жанжалдасқаннан кейін 6 жасар ұлы мен бір жасар қызын өлтіріп, өз-өзіне қол жұмсаған. Алайда ол осыған дейін дауыстық хабарлама қалдырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды "Комсомольская правда" басылымына сілтеме жасап.


Үфі қаласының 37 жастағы тұрғыны Фазыл Халиков әйелімен жанжалдасқаннан кейін 6 жасар ұлы мен бір жасар қызын өлтіріп, өз-өзіне қол жұмсаған. Алайда ол осыған дейін дауыстық хабарлама қалдырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды "Комсомольская правда" басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға өткен аптаның сенбісінде Башқұртстанда болған. Ер адам әйелінің опасыздық жасағанын білген соң балаларын алып, белгісіз жаққа кетіп қалған. Кейін Халиков әйеліне қоңырау шалып, қызы өлгенін, ал ұлы алдағы уақытта қайтыс болатынын хабарлаған.

Ол осыған ұқсас хабарламаны ағасына да жіберген.

"Інім, сау бол! Әйелім көзіме шөп салды, оны маған бүгін айтты. Ол басқа адамды жақсы көретінін, корпоративте онымен бірген болғанын жеткізді. Мен балаларды өзіммен бірге алып бара жатырмын", - дейді Халиков.

Кейін ол қоңырауға жауап бермеген. Бірнеше сағаттан кейін полиция 3 адамның денесін тапқан. Ер адам көліктің салонын жауып алған, ондағы адамдар улы газдан көз жұмған.

Оған дейін Фазыл әйеліне хабарласуға тырысқан. Бірақ ол телефонын алмаған.
Келесі күні таңертең әйелі корпоративтен үйіне келген. Осыдан соң күйеуі "әйелім көзіме шөп салды" деп күдіктене бастаған.

Артынша Фазылдың әйелі полицияға корпоративте күйеуінің көзіне шөп салғанын, оны күйеуі білгенін айтып берген. Ерлі-зайыптылар қатты ұрысып қалған. Фазыл сүйіктісінің бұлай жасағанына сене алмаған. Ол әйелі жуыну бөлмесінде болған кезде балаларды алып, кетіп қалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети