24 сәуір 2021 11:25

Әйел полицейдің өлімі Францияны дүр сілкіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Франция тұрғындарын Рамбуйе қаласындағы полиция қызметкерінің өлімі дүр сілкіндірді. Оқиға 23 сәуірде түстен кейін болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews сайтына сілтеме жасап.


Франция тұрғындарын Рамбуйе қаласындағы полиция қызметкерінің өлімі дүр сілкіндірді. Оқиға 23 сәуірде түстен кейін болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews сайтына сілтеме жасап.

Пышақпен қаруланған ер адам комиссариатта жұмыс істеген әйелдің мойнына екі соққы жасаған. 49 жастағы әйел алған жарақаттарынан жұмыста қайтыс болды. Марқұмның 13 және 18 жастағы екі баласы бар.

Күдікті ұсталған кезде жараланды. Кейін ол қайтыс болды. Куәгерлердің айтуынша, ер адам шабуыл кезінде "Аллаһу акбар" деп айғайлаған. BFMTV телеарнасының мәліметінше, полицейге шабуыл жасаған адам соңғы рет интернеттен YouTube-тегі жиһадтық видеоны көрген. 

Төтенше жағдай болған жерге ІІМ басшысы Жеральд Дарманен мен Франция премьер-министрі Жан Кастекс барды. Олар бұл қастандықты жаңа террористік шабуыл деп атады.

"Мен мұнда ішкі істер министрімен бірге полиция қызметкерлері мен Рамбуйе комиссариатының қызметкерлерін қолдау үшін келдім. Барлық француздарға терроризмнің барлық түрімен күресуге деген шешіміміз өзгеріссіз қалатынын айтқым келеді", - деді Жан Кастекс.

Шабуылды жақында Рамбуйеге Тунистен көшіп барған, курьер болып жұмыс істеген 36 жастағы ер адам жасағаны хабарланды. Оның Францияда уақытша тұруға рұқсаты болған.

Оқиғаның мән-жайын Ұлттық терроризмге қарсы прокуратура анықтап жатыр. Департаменттер мен аймақтардың префекттеріне полиция комиссариаттары мен жандармерия казармаларын қорғауды күшейту туралы бұйрық берілді.

Полиция қызметкерінің өліміне Франция президенті Эммануэль Макрон ел исламдық терроризммен күресте берілмейтінін мәлімдеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети