05 шілде 2017 13:24

Әйелдер қылмыс үстінде ұсталған педофилді байлап қойып жазалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістанда бір ауылдың әйелдері ер адамды таяқпен сабады, - деп хабарлайды The Sun.


Үндістанда бір ауылдың әйелдері ер адамды таяқпен сабады, - деп хабарлайды The Sun.

Ер адам баланы зорлады және өлтірді деп айыпталғаннан кейін оны бір топ әйел қол-аяғын байлап, таяқпен сабаған. 

Видеодан байлаулы жатқан адамның қарсыласпай, үнсіз көндігіп жатқанын көруге болады. Ролик жиналған жұрттың онымен ары қарай не істеу керектігін шешіп жатқан жерден аяқталады. Жиналған жұртты оқиға орнына келген полицей тоқтата алған көрінеді. 

Сексуалдық зорлық-зомбылық Үндістанда ушығып отырған проблемалардың бірі. Мұндай оқиға бойынша ресми тіркелгендер саны ғана жылына он мыңнан асады. Ал бұл анықталған оқиғалардың аз бөлігі ғана, өйткені, зардап шеккендер басынан өткендерін жасыруға тырысады. Ал отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық бұл елде заң жүзінде қудаланбайтындықтан, бұл жағдайды ушықтыра түсуде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети