04 шілде 2015 | 08:40

Азамат Тажаяқов үкімге шағым келтіруден бас тартты - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

©The Bostone Globe ©The Bostone Globe

Бостондағы теракт ісі бойынша АҚШ-та 3,5 жылға бас бостандығынан айырылған қазақстандық студент Азамат Тажаяқов үкімге шағым келтіруден бас тартты, - деп хабарлайды The Bostone Globe соттың құжаттарына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Бостондағы теракт ісі бойынша АҚШ-та 3,5 жылға бас бостандығынан айырылған қазақстандық студент Азамат Тажаяқов үкімге шағым келтіруден бас тартты, - деп хабарлайды The Bostone Globe соттың құжаттарына сілтеме жасап.

"Маған өзімнің құқықтарым жайлы адвокатым Николай Вудридж ескертті. Ойлана келе саналы және ерікті түрде мен апелляция беруден бас тарттым", - деді Тажаяқов аудандық апелляциялық сотына.

Еске салайық, 5 маусымда Қазақстан студенті Азамат Тажаяқов Бостондағы лаңкестікті тергеуге кедергі келтіргені үшін АҚШ-та 3,5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Алайда ол бұл мерзімнің жартысынан астамын тергеу аясында темір тордың арғы жағында өткізіп қойды. Студенттің әкесі Әмір Ысмағұлов осыған дейін адвокаттардың бұл бапқа шағым келтіргелі жатқанын мәлімдеген еді. 

Ал 2 маусымда Диас Қадырбаев америкалық сот төрелігіне кедергі келтіргені үшін алты жылға сотталған еді. Сотта ол өз танысы Царнаевты танығаннан кейін полицияға телефон соқпағанын мойындады. Сонымен қатар, Диас Қадырбаев Царнаевтың жатақханадағы бөлмесінен заттарды жинағанын, осылайша тергеуге кедергі келтіргенін мойындады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети