28 қыркүйек 2020 09:15

Әзербайжан 550 армян әскері қаза тапқанын және жараланғанын мәлімдеді - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: REUTERS Фото: REUTERS

Әзербайжан 550 армян әскері қаза тауып, жараланғанын мәлімдеді. Бұл туралы Trend агенттігі елдің Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлады. 


Әзербайжан 550 армян әскері қаза тауып, жараланғанын мәлімдеді. Бұл туралы Trend агенттігі елдің Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлады. 

"Таулы Қарабақтағы Талыш ауылында болған қақтығыс барысында 550-ден аса армян әскері қаза тауып, жараланды.

Операция өткізілген күннің соңында алынған барлау мәліметі бойынша армян әскерінің 22 танкісі мен басқа да брондалған техникасы, 15 "ОСА" зенит-зымыран кешені, 18 ұшқышсыз ұшу аппараты (БПЛА), 8 артиллериялық қондырғысы жойылған. Сондай-ақ, армян әскерінің әртүрлі бағыттағы 3 оқ-дәрі қоймасы жойылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Әзербайжан Арменияның десанттық-шабуыл батальонының командирі, подполковник Лерник Бабаянның өлгенін мәлімдеді. Ол басқарған әскери бөлімнің жеке құрамы айтарлықтай шығынға ұшыраған.

Армения тарапы бұл мәліметті растаған жоқ.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі үш танк жойылды деген ақпаратты жоққа шығарды

Еске салайық, 27 қыркүйекте таңертең Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыс шиеленісті. Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді. Армения да Қарабақтағы оқиғаларға байланысты әскери жағдай мен жалпы мобилизация жариялады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети