БАӘ-дегі АЭС-ке жасалған шабуылдан кейін мұнай бағасы тағы көтерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

БАӘ-дегі АЭС-ке жасалған шабуылдан кейін мұнай бағасы тағы көтерілді Фото:depositphotos.com

Біріккен Араб Әмірліктерінің атом электр станциясына жасалған ұшқышсыз ұшақ шабуылынан кейін мұнай бағасы кейінгі екі аптадағы ең жоғарғы шегіне жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Біріккен Араб Әмірліктерінің атом электр станциясына жасалған ұшқышсыз ұшақ шабуылынан кейін мұнай бағасы кейінгі екі аптадағы ең жоғарғы шегіне жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ice.com сайтының мәліметінше, Астана уақытымен сағат 7:32-де Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны барреліне 111,28 долларды құрады.

Америкалық West Texas Intermediate мұнайының бағасы 4 мамырдан бергі ең жоғарғы көрсеткішке жетіп, 1,84 долларға қымбаттады және барреліне 107,26 доллар деңгейінде қалыптасты.

Ормуз бұғазындағы кемелерге жасалатын шабуылдар мен басып алуларды тоқтататын бейбіт келісімге келу үміті сөнгендіктен, өткен аптада екі келісімшарттың да бағасы 7 пайыздан астам өсті.

Сарапшылардың пікірінше, мұнай құнының жаңа өсіміне АҚШ пен Иран келіссөздерінің тығырыққа тірелуі, БАӘ-дегі АЭС-ке жасалған шабуыл, сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға қарсы әскери іс-қимыл нұсқаларын талқылауы қарсаңындағы жағдай себеп болған.

Reuters ақпаратынша, өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамп пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин арасындағы келіссөздер әлемдегі ең ірі мұнай импорттаушы елдің қақтығысты реттеуге көмектесуге дайын екенінің ешқандай белгісін көрсетпей аяқталған.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 469.92   546.77   6.43 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер