БАҚ: Францияда жүрдек пойыз рельсінен шығып кетіп, 5 адам қаза тапты 14 қараша 2015, 21:46

Францияның шығысындағы Страсбург қаласының маңындағы Эквешем қаласында жүрдек пойыз рельсінен шығып кетті, - деп хабарлайды LifeNews жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша бес адам қаза тапқан. Бірқатар басылымның мәліметінше, бұл сынақ пойызы болған. Оқиғаның мән-жайы айтылмайды. Сонымен қатар, бұл оқиғаның сенбіге қараған түні болған бірнеше терактіге қатысының бар-жоғы да белгісіз.
© Twitter/Cmouadelph
60-қа жуық адам жарақат алған. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
© Twitter/goodlimfr