05 қыркүйек 2016 12:23

БАҚ: Солтүстік Корея үш баллистикалық зымыранын ұшырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© day.kyiv.ua © day.kyiv.ua

Корея Республикасының БАҚ мәліметі бойынша, КХДР үш баллистикалық зымыранды ұшырды, - деп хабарлайды Reuters


Корея Республикасының БАҚ мәліметі бойынша, КХДР үш баллистикалық зымыранды ұшырды, - деп хабарлайды Reuters

"Солтүстік Корея үш баллистикалық зымыранды Хванчжу уезінің Хванхэ-Пукто провинциясынан жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 12:14-те ұшырып жіберді", - деп келтіреді БАҚ өкілдері Оңтүстік Кореяның Біріккен басшылар комитетінің штабының мәлімдемесіне сілтеме жасап.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, зымырандар Жапон теңізіне қарай бағытталып ұшырылған. 

Осыған дейін Пхеньян 2016 жылы 24 тамызда ұшырған. Ол кезде зымыран су асты кемесіне жіберілген, ұзақтығы 500 шақырымға жетеді. Ол зымыран Жапонияның әуе шабуылына қарсы қорғаныс аймағына 80 шақырымға кіріп кеткен.

Қазіргі куақытта қандай зымыран және олардың ұшу ұзақтығын анықтау мүмкін болмаған. Осы жаңалыққа Күн шығыс елі де әрекет етіп жатыр. Солтүстіккореялық зымырандардың ұшуынан кейін Жапонияның қорғаныс министрі Томоми Инада токиолық Нэрима ауданында өтіп жатқан қорғаныс күштерінің тексеріс жұмыстарын тоқтатқан. 

Kyodo агенттігінің мәліметінше, әскери ведомство солтүстіккореялық зымырандардың ұшуы туралы мәліметтерді нақтылап жатқан көрінеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети