27 сәуір 2023 10:11

БАҚ Түркия президенті Ердоған инфаркт алғаны туралы жазып жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: tccb.gov.tr Фото: tccb.gov.tr

Түркиядағы бұқаралық ақпарат құралдары 26 сәуірде Режеп Тайып Ердоғанды ​​қолдауға арналған митингінің бәрі тоқтатылғанын, қазір президент ауруханаға жатқызылғанын жазып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркиядағы бұқаралық ақпарат құралдары 26 сәуірде Режеп Тайып Ердоғанды ​​қолдауға арналған митингінің бәрі тоқтатылғанын, қазір президент ауруханаға жатқызылғанын жазып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы AVAZTÜRK басылымы хабарлады.

Басылымның хабарына қарағанда, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған тікелей эфир кезінде жағдайы күрт нашарлап, миокард инфарктісін алған.

Қазір ол ауруханаға жатқызылған, ал дәрігерлер саясаткердің жағдайы ауыр деп отыр.

"Кеше жергілікті арналардың біріндегі (Ulke TV) сұхбат кезінде саясаткердің кенеттен басы айналып, есінен танып қала жаздады. Оператор камераны дереу жүргізушіге бұрып жіберіп, содан кейін хабар бірден үзіліп, жарнама берілген. Шамамен 20 минуттан кейін хабар қайта жалғасты. Фондағы аудиожазба кезінде тікелей эфирде Ердоғанның жүрек талмасы ұстағаны туралы ақпарат келіп түсті", - делінген хабарламада.

Ердоғанның өзі осы оқиғадан кейін қатты суық тигенін, бірнеше күн демалу керек екенін айтып, халыққа жүгінді.

"Бүгін мен дәрігерлеріміздің кеңесімен үйде демаламын. Алланың рұқсатымен ертеңнен бастап бағдарламамызды жалғастырамыз", - деп келтіреді оның сөзін Haber7.com.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети