БАҚ ресейлік А321 ұшағының бортына жарылғыш зат қоюы мүмкін адамның атын атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

БАҚ ресейлік А321 ұшағының бортына  жарылғыш зат қоюы мүмкін адамның атын атады © РИА Новости

Ресейлік "Когалымавиа" компаниясына тиесілі А321 ұшағының бортына жарылғыш затты "Вилаят Синай" қылмыстық тобының басшысы Әбу Усама әл-Масри қоюы мүмкін. Бұл туралы The Sunday Times басылымы Ұлыбритания үкіметінің дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік "Когалымавиа" компаниясына тиесілі А321 ұшағының бортына жарылғыш затты "Вилаят Синай" қылмыстық тобының басшысы Әбу Усама әл-Масри қоюы мүмкін. Бұл туралы The Sunday Times басылымы Ұлыбритания үкіметінің дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Басылымның мәліметінше, Масри "тергеу кезінде қызығушылық танытылған жалғыз адам", Ұлыбритания Мысыр мен Ресейге оны ұстауға көмектесе алар еді. Бұл үшін Мысырға ағылшын әскерін кіргізу керек.

Ұлыбританиялық барлау қызметінің өкілдері Масри жалдаған әуежай қызметкерінің А321 ұшағының жүк салатын бөліміне жарылғыш затты қойғанына сенімді.

Бұған дейін мысырлық комиссия мамандары ресейлік А321 ұшағының бортына бомба қойылды деген нұсқаны айтқан болатын. "Табылған "қара жәшіктегі" өлшеулердің көрсеткіші мен дыбыстың сараптамасы мұның жарылғыш заттың болғанын айғақтайды. Біз мұның бомба болғанына 90 пайызға сенімдіміз", - деп мәлімдеді комиссияның мысырлық сарапшыларының өкілі.

Еске сала кетейік,  әуе апаты 2015 жылдың 31 қазанында таңғы уақытта болды. Ұшақ бортында 217 жолаушы мен экипаждың 7 мүшесі болған. Болжам бойынша, апаттан тірі қалғандар жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети