"Бәрі кеткісі келеді". Ауған босқындары Кабулдағы эвакуация туралы айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Германияға Ауғанстаннан барған босқындар Кабул әуежайынан қалай эвакуацияланғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Германияға Ауғанстаннан барған босқындар Кабул әуежайынан қалай эвакуацияланғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Франкфуртқа қонғаннан кейін ауған босқындары НАТО сарбаздары эвакуациялаған бақытты жандардың бірі екенін айтты.

"Адамдар арасынан жол тауып өтпек болғанда кішкентай ұлым құлап қалды. Қатты қорқып кеттік. Сосын бір америкалық мейірімділік танытты. Біздің әбден шаршағанымызды түсінсе керек. Ол төлқұжаттарымызды алып, түпнұсқа екенін тексеретінін айтты. Кейін өтуге рұқсат берді. Қалған адамдар жерде жылап жатты. Өте қорқынышты. Бәрі кеткісі келеді. Біз өзіміз құтылғанымызбен, отбасымызды құтқара алмадық", - деді Ауғанстаннан келген әйелдердің бірі.

©REUTERS

Reuters мәліметінше, әйел екі ұлы және күйеуімен НАТО армиясында жұмыс істейтін ауғандарды эвакуациялау үшін Германия ұйымдастырған бірнеше рейстің біріншісімен ұшып келген.

©REUTERS

"Менің бүкіл отбасым әлі де сол жерде, сондықтан үрейді басу қиын. Оларды тастап, осында келу оңай болған жоқ. Ол жақта жарты бөлігім қалып кеткендей. Қазір өте мазасызданып тұрмын, әйтпесе денім сау, Құдайға шүкір", - дейді Франкфурт әуежайында тағы бір ауған.

Ол 20 жыл бойы жүргізілген реформалар мен қайта құру әрекеттерінен кейін тәліптердің билікті басып алуы Ауғанстанды байырғы қалыпқа түсіретінін айтты.

©REUTERS

Журналистер пікір алғандардың бәрі аты-жөнін, Ауғанстанда қандай жұмыс істегенін айтпаған. Өйткені олар сол жақтағы енді көрмеуі де мүмкін отбасы мүшелері үшін қорқады.

©REUTERS

Куәгерлердің айтуынша, ауған халқының тәліптерден қашатын соңғы мүмкіндігі - Кабул әуежайы. Ол жерді АҚШ әскерлері қарап отырғандақтын әзірше жапа шеккендер жоқ.

Сондай-ақ, олар "Талибан" содырлары (Жоғарғы соттың шешіміне сәйкес, қозғалысқа Қазақстанда тыйым салынған) адамдардың әуежай аумағына кіруіне жол бермегенін айтты.

"Жаншошырлық жағдай. Тәліптер аспанға оқ атып, адамдарды итеріп, АК-47-мен ұрды", - деді босқындардың бірі.

Reuters агенттігі мәліметінше, жексенбіден бастап әуежай мен әуе айлағының айналасында он екі адам қаза тапқан.

Айта кетейік, 17 тамызда Ауғанстан астанасының әуежайында дүрбелең басталды. Кабул әуежайына жүздеген адам жиналып, елден кетуге тырысты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course down  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro