18 тамыз 2021 13:06

"Талибан" Кабул әуежайында қаза тапқандар санын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Кабул әуежайындағы дүрбелең мен атыс кезінде 40-тан аса адам жараланып, қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ауғанстанның Tolo News телеарнасына сілтеме жасап.


Кабул әуежайындағы дүрбелең мен атыс кезінде 40-тан аса адам жараланып, қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ауғанстанның Tolo News телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы "Талибан" қозғалысының қолбасшысы (Қазақстанда Жоғарғы сот шешімімен тыйым салынған қозғалыс) Мохибулла Хекмат мәлімдеді. Командир тұрғындарды шетелге ұшу туралы жалған қауесетке сенбеуге шақырып, әуежайға келмеуді сұрады. 

"Олар шетелдік ұшақтарға үміт артпауы керек, кеше әуежайда 30 адамнан 40 адамға дейін жараланып, қаза тапты. Олар үйлерінде қалуы керек, сонда ешқандай проблема болмайды", - деді Хекмат.

Тележурналист Халед Никзадтың айтуынша, "Талибан" қозғалысы Ауғанстанда тұрақты бейбітшілік пен даму болуы үшін бар күшін салып жатыр.

АҚШ пен басқа батыс елдері азаматтары мен ауған одақтастарын елден эвакуациялау үшін рейстерді қайта ашты.

Айта кетейік, 17 тамызда Ауғанстан астанасының әуежайында дүрбелең басталды. Кабул әуежайына жүздеген адам жиналып, елден кетуге тырысты

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети