05 қазан 2021 10:26

"Барселона" бапкері жұмыстан босатылған жағдайда қанша өтемақы төленетіні белгілі болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Каталондық "Барселона" футбол клубының бас бапкері Рональд Куманның келісімшарт мерзімінен бұрын жұмыстан шыққан жағдайда алатын өтемақысының мөлшері белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Каталондық "Барселона" футбол клубының бас бапкері Рональд Куманның келісімшарт мерзімінен бұрын жұмыстан шыққан жағдайда алатын өтемақысының мөлшері белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналист Исаак Фуото өзінің Твиттердегі парақшасында егер Куман келісімшарт аяқталғанға дейін командадан кететін болса, клуб оған 5,8 миллион еуро төлеуі тиіс екенін айтты. Сонымен қатар, жаттықтырушының жылдық жалақысы 7,2 миллион еуро. Ол жалпы 13 миллион еуро көлеміндегі өтемақы ала алады.

Куман "Барселонаның" жаттықтырушысы қызметін өткен жылдың тамызында бастады. Каталондық команда маусым соңында Испания чемпионатында үшінші орыннан жоғары көтерілмеді. Чемпиондар лигасында "көк гранат" 1/8 финалда франциялық "Пари Сен-Жерменге" есе жіберді.

Еске салайық, "Барселона" бас бапкерінің жұмыстан кетуі туралы хабарламалар мамырдың соңында шыққан. Содан кейін голландиялық маманның келісімшарты 2022 жылға дейін жасалғанына қарамастан, 99 пайыз ықтималдықпен жаңа маусымда команданы басқармайтыны туралы хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети