03 наурыз 2019 13:04

Барселона қаласының жағалауына тоқтаған Алишер Усмановтың яхтасы жұртты дүрліктірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram © Instagram

Ресейлік миллиардер Алишер Усмановтың яхтасы Барселона портына тоқтап, жергілікті тұрғындарға бұрын-соңды болмаған әсер сыйлады, - деп хабарлайды "Sputnik-Узбекистан".


Ресейлік миллиардер Алишер Усмановтың яхтасы Барселона портына тоқтап, жергілікті тұрғындарға бұрын-соңды болмаған әсер сыйлады, - деп хабарлайды "Sputnik-Узбекистан".

Жергілікті тұрғындар мен туристер "Дилбар" яхтасының фонында суретке түсіп, әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр. "Оның жанында айлақта тұрған миллиардерлердің кемелері Усмановтікімен салыстырғанда ойыншық секілді", - деп жазды қолданушылардың бірі. 

View this post on Instagram

A post shared by DILBAR 156 Meters by Lürssen (@dilbaryacht) on


156-метрлік кеменің су сыйымдылығы бойынша әлемде бірінші орында (16 мың тоннаға жуық гросс-тоннаж) және ұзындығы бойынша төртінші орында. Осы параметрі бойынша Усмановтың кемесі үш яхтадан артта қалады - шейх Халифа бен Заид Әл Нахайянның, Бруней ханзадасы және Роман Абрамовичтің.

"Дилбар" кемесінің бағасы жарияланбайды, бірақ сарапшылар оны шамамен 600 миллион долларға бағалады. Ол 120 адамға дейін сыйдыра алады, екі тікұшақ алаңымен жабдықталған, онда бірнеше бассейн, кинотеатр, спортзал, мейрамхана бар. Усманов яхтаны екі жыл бұрын сатып алды. Кәсіпкер яхтаны анасының құрметіне атаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети