21 қараша 2018 09:48

Басаев бандасының мүшесі теракт жасалғаннан кейін 23 жыл өткенде ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шамиль Басаев. © Reuters Шамиль Басаев. © Reuters

ФТБ қызметкерлері шешен лаңкесі Шамиль Басаевтың тобында 1995 жылы Ставрополь өлкесіндегі Буденновск қаласында адамдарды кепілге алуға қатысты деген мүшесін ұстады. Бұл туралы арнайы қызметтің сайтында хабарланып отыр.


ФТБ қызметкерлері шешен лаңкесі Шамиль Басаевтың тобында 1995 жылы Ставрополь өлкесіндегі Буденновск қаласында адамдарды кепілге алуға қатысты деген мүшесін ұстады. Бұл туралы арнайы қызметтің сайтында хабарланып отыр.

Ресей азаматы, 1978 жылғы Черхигов Хазваха Шамшиденович Мәскеуде 19 қарашада ұсталған. Ер адам РФ ТК Солтүстік-Кавказ округі бойынша Бас тергеу басқармасына жеткізіліп, қамауға алынған.

Куәгерлер оның терактіге қатысқанын растап отыр. Буденновск қаласындағы шабуыл жасалған кезде оның жасы 17-де болған. 

Федерал қауіпсіздік қызметі содырдың ұсталған сәті түсірілген видеоны жариялады. Жазбадан ер адамның не үшін ұсталғанын, аты-жөнін айтқанын және архив кадрлардың жүргізілгенін көруге болады. 

Еске салайық, 1995 жылдың 14 маусымында Буденновск қаласында шабуыл болған еді. Лаңкестердің шабуылынан 129 адам қаза тапты, оның 18-і милиция қызметкері де, 17-сі әскери. Сондай-ақ, 415 адам жарақат алған, 90 көлікке от қойылып, оқ атылған. 1500-ден аса адам кепілге алынған. Буденновскідегі теракт Ресейдің посткеңестік тарихындағы ең ірі шабуыл болды.

Бұл қылмысты жасаған 31 адам 1995-2013 жылдар аралығында ұсталып, түрлі мерзімге сотталып кетті. Шамиль Басаев болса 2006 жылы Ингушетиядағы арнайы операция кезінде өлтірілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети