04 мамыр 2021 09:31

Байден АҚШ-қа кіре алатын босқындар санын төрт есе көбейтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

АҚШ президенті Джо Байден босқындарды қабылдау шегін биылға 62,5 мыңға дейін көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап. 


АҚШ президенті Джо Байден босқындарды қабылдау шегін биылға 62,5 мыңға дейін көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап. 

"Бұған дейін бұрынғы Трамп әкімшілігі белгілеген ең төменгі шек, 15 мың адам, Американың босқындарды қолдайтын ұлт ретіндегі құндылықтарын көрсетпейді", - делінген Ақ үй басшысының Twitter-дегі мәлімдемесінде.

Байден келесі жылы да АҚШ жаңартылған квотаны тағы екі есе арттырып, 125 мың босқынды қабылдай алады деп үміттеніп отыр. 

"Біз соңғы төрт жылда келтірілген залалды жою үшін жылдам жұмыс істеп жатырмыз. Бұл біраз уақыт алады, бірақ жұмыс басталып кетті", - деді Байден.

Президент ел ондаған мың босқынды қабылдауға және қолдауға қажетті инфрақұрылымды қалпына келтіруге уақыт қажет екенін ескертті, сондықтан биыл бұл шекке жетпейтінін мойындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети